БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде полицей қаза тапты
351
Батыс Қазақстан облысында бес адам, оның ішінде полицей жол апатынан қаза тапты.
«Уральская неделя» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз күні сағат 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңындағы Казталовка-Орал тас жолында болды. Автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.
Автокөлікте бес адам болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды, ал бесіншісі кейінірек ауруханада қайтыс болды.
Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге әйелі де көз жұмды. Екеуінің артында бес баласы қалды.
Аталмыш басылымның жазуынша, көз жұмғандар сыныптас болған. Қаза болғандар арасындағы тағы бір ерлі-зайыптының жеті баласы бар.
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
20:22
Косметикаға жасырылған есірткі: ҰҚК Алматы әуеж...
01.09.2026
18:44
Санжар Боқаевтың ісі қорғау тарапы материалдарм...
01.09.2026
18:44
ҰҚК генералдың інісін тергеуде
01.09.2026
18:09
Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
01.09.2026
18:06
ҰҚК Маңғыстаудың полиция бастығын тергеуде
01.09.2026
17:23
Қазақстанда 2027 жылдан бастап АЕК мөлшері өседі