«Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той
Қызды алып кетуге ұлдың кіндік шешесі Айгүл Иманбаевадан бастап, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева секілді әртістерден құралған топ барды.
«Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева.
Кеше келін түсірген Ақбота Керімбекова бүгін беташарға дайындалып жатыр.
«Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен. Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
13:25
Конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болға...
02.11.2026
12:29
ЖИ арқылы марқұмның фотосын «тірілту» күнә ма: ...
02.11.2026
12:15
Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматт...
02.11.2026
11:49
Тоқаев Қарағанды облысына барды
02.11.2026
11:02
Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған әйелге с...
02.11.2026
10:59
Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы аурухана...