«Бұл – менің территориям»: Бақыт Тұрман жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

12.01.2026 17:12 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Бұл – менің территориям»: Бақыт Тұрман жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады
0
75
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде күйеуі, белгілі әзілкеш Қайрат Әділгереймен бірге өткізген отбасылық өмірі туралы ойымен бөлісті. Өнер иесінің жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды Politico.kz

Әншінің айтуынша, ол 20 жыл бойы түнде «Қайырлы түн, жаным», ал таңертең «Қалай ұйықтадың, жаным?» деген жылы сөздермен күнін бастап келеді.

«Біреу қызығар, біреу өтірік дер. Бірақ біздің арамызда Алладан берілген, өзіміз де толық түсінбейтін бір құпия бар. Кейде қатал, кейде жұмсақ, кейде талапшыл, кейде мейірімді болып мың құбыламын. Мен мінсіз болуға міндетті емеспін. Әзіл — уақытша, ол жеңіл ирония ғана», — деп жазды Бақыт Тұрман.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі парақшасын өз өмірінің, өнері мен бақытты сәттерінің көрінісі ретінде сақтағысы келетінін де атап өтті.

«Қартайғанда Instagram-ымды ашып, қызықты да бақытты кезеңдерді көргім келеді. Бұл — менің әлемім, менің шекарам», — деп түйіндеді әнші.

Алайда жазба желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір оқырмандар қолдау білдіріп,


«Дұрыс айтасыз, ұнамағандар өтіп кетсін», «Сізді кей адамдар түсінбей жатады» деп жазса, енді біреулері «Көп мақтанудың қажеті бар ма?» деген пікір қалдырды.

Қалай болғанда да, Бақыт Тұрманның шынайы жазбасы қоғамда отбасылық бақытты жария ету мен жеке шекара тақырыбын қайта қозғады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий