«Бұл сериал болады»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады
Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман ортақ балаларына қатысты сот дауларының жаңа кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz
Назым Қахарман Instagram парақшасында бастапқыдан-ақ экс-министрдің балаларды «жай ғана» қоя салмайтынын, қысым көрсететінін түсінгенін жазды.
Оның айтуынша, сотта Бишімбаевтың адвокаты кәмелетке толмаған балаларын «негізгі сотта Айтымды қалай сұрақтың астына алған болса, шамамен солай» тергеген.
«Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың дұрыс жасаған жалғыз шешімі — Қуандықты маған сенімхат рәсімдеуге және балалардың өз бетінше шетелге шығуына келісім беруге міндеттегені», — деді Назым Қахарман.
Оның сөзінше, дәл осы құжаттардың төңірегінде қазір сот даулары жалғасып жатыр. Себебі шешімдер шыққаннан кейін бір жылға жетпей Бишімбаев бұрын берілген барлық сенімхаттар мен келісімдерді кері қайтарып алған көрінеді.
Назым Қахарман Қазақстанда мұндай істердің өте көп екенін атап өтті.
«Бүгінгі тәжірибем мен эмоцияларыммен бөлісіп отырамын деп шештім. Жалпы, бұл — сериал болады», — деп қосты ол.
Соңғы жаңалықтар