"Бұл түрің кімге керек?!": Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

20.10.2025 10:52
0
728
Ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жаңа трендке қатысып, видео жариялағаннан кейін сынға қалған.

Кейбір желі қолданушылары продюсердің әрекетін сынап, оны немерелерінің тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырған.

«Өзіңді көрсетіп ырбия бермей, немереңнің тәрбиесіне қарасай. Мектеп бітірмей жатып жүрісіне қарамайсың ба? Бұл түрің сенің кімге керек? Жас емессің, орта жасқа келіп тайраңдағаның жараспайды», — деп пікір қалдырған оқырман.

Алайда Гүлзира Айдарбекова бұл пікірге бейжай қарамай, өз жауабын ашық жазды:

«Немерелеріме тиіспе, мен үшін бірі — ай, бірі — күн! Сенен сұрап ешкім өмір сүрмейді. Сенің өміріңе тіпті қызығып тұрған мен жоқ, елде жоқ», — деп жауап қатты продюсер.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова жиі әлеуметтік желілерде отбасылық сәттермен, өмірлік ойларымен және мотивациялық жазбаларымен бөлісіп тұрады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий