«Бұл жерге келудің қажеті жоқ»: Қошанов вице-министрге шүйлікті (ВИДЕО)
Мәжіліс отырысында сауда вице-министрі Айдар Әбілдабеков кейбір депутаттардың сұрақтарына жауап бере алмай қиналды, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрдің өзі іссапармен шетелге кетіп қалған. Бірақ Әбілдабеков барлық сауалға жауап бере алмай артынан жазбаша жауап жолдаймыз деп құтылды.
Ал мәжіліс спикері оның бұл жауабына шыдай алмай, оған қатаң ескерту жасады.
«Айдар Ахмебекұлы, қазір министр шетелде іссапарда, сіз министрдің міндетін атқарушысыз. Бұл жерде депутаттар заң жобасы аясында ғана сұрақ қойып жатыр. Бұл сіздердің күделікті істеп жүрген жұмыстарыңыз ғой. Оған қалай жауап бере алмайсыз? Министрдің өкілі барлық сауалға жауап беруге дайын болуы қажет. Әйтпесе, бұл жерге келудің қажеті жоқ. Басқа вице-министр келуі керек еді. Дайындалып келу қажет», - деді Қошанов.
Бүгінгі мәжіліс отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау мәселесі қаралды. Заң жобасын сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков таныстырып, баяндама жасады.
Соңғы жаңалықтар