Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал шығарған ер адам қамауға алынды
Жамбыл ауданында 62 жастағы ер адам бұрынғы бірге тұрған әйеліне қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бірнеше рет бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері әйелдің мекенжайына отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты төрт рет хабарлама түскен. Тексеру барысында ер адамның бірнеше жыл бойы бұрынғы бірге тұрған әйелінің үйіне келіп, жанжал шығарып, оның отбасы мүшелеріне қорқыту сөздерін айтқаны және әйелге күш қолданғаны анықталған. Әйелдің мүгедектігі бар.
Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ол белгіленген талаптарды қайтадан бұзған.
Сот ер адамды Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Қаулы 4 тамызда қабылданған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды
03.11.2026
18:05
Ақтөбеде студентті төртінші қабаттың терезесіне...
03.11.2026
17:26
Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы келіншекті п...
03.11.2026
17:13
Ақтауда хирургке шабуыл жасаған ер адам үйқамақ...