Бюлеттеньдер алдын ала үйлерге таратылып жатыр ма? -  Нұрлан Әбдіров жауап берді

13.03.2026 12:49 Әсел Мұрат
Бюлеттеньдер алдын ала үйлерге таратылып жатыр ма? -  Нұрлан Әбдіров жауап берді
71
Фото: ашық дереккөз

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның бүгінгі отырысында желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, желіде жалған алыпқашпа әңгіме тарады.

«Бюлеттеньдерді алдын ала үйлерге таратып жатыр деген ақпарат тарады. Ол мүмкін емес. Өйткені типографиядан кейін әрбір бюллетень саны санаулы. Содан кейін ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен өңірлерге комиссияларға жеткізіледі. Ал референдумға үш немесе бір күн қалғанда, осы аралықта учаскелерге апарылады, ары қарай күзетке тапсырылады», - деді Әбдіров комиссияның бүгінгі отырысында. 

Мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.

«Оның ішінде 24 заң бұзушылықты онлайн платформа пайдаланушылары, ал екеуін интернет басылымдар жасаған. Осы заң бұзушылықтар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама мен оның нәтижесін орналастыруға қатысты болды. Айтылған фактілер бойынша ақпарат Бас прокуратураға жолданды», - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық референдумның бүгінгі отырысында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий