«Дала қырандары» ескірген спорт алаңдарына жан бітіруде
«Дала қырандары» ескі спорт алаңдарын қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Дала Қырандары» жастар бірлестігінің бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ескірген спорт алаңдары қайта жаңғыртылып жатыр. 2022 жылы басталған #жаттығу республикалық науқаны биыл жаңа қарқын алып, 20-дан астам қаланы қамтыды.
Белсенді жастар тозығы жеткен алаңдарды жөндеумен ғана шектелмей, оларды өз қамқорлығына алып, үнемі бақылауда ұстауды да қолға алған. Бұл игі іс-шараның басты мұраты – жас буынды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл бастама тек спорттық нысандарды жаңартып қана қоймай, қала мен ауыл өміріне жаңа серпін беріп, жастар арасындағы ауызбіршілікті арттырады. Өйткені, дені сау қоғам – белсенді жастардан құралады!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...