Данияр Қадыров Отандастар қорының президенті лауазымына тағайындалды
459
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Данияр Рамазанұлы Қадыров «Отандастар Қоры» КЕАҚ президенті лауазымына тағайындалды.
Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Өз еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы ретінде бастады, содан кейін 2004 жылға дейін осы ведомствоның құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2000-2004 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары.
2005 жылы жергілікті атқарушы органдар қызметіне – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары лауазымына ауысты.
2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
Кейінірек, 2007 жылы Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл лауазымына дипломатиялық қызметке ауысты, содан кейін 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл лауазымында жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары аралығында «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры болды.
2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.
2024 жылы 18 наурызда мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Соңғы жаңалықтар
22.03.2026
10:05
Актер Мейіржан Төребаев түрмеден шықты
22.03.2026
09:17
Жанармай бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
21.03.2026
17:38
Қарағандыда әйелге жарық бағаны құлап, көз жұмды
21.03.2026
16:24
Асқар Жұмабек қамауға алынды
21.03.2026
15:32
Жетісуда заңсыз қазба жасаған Қытай зауытына 26...
21.03.2026
14:41
Астана – Алматы тас жолында автобус жүк көлігін...