Дәрігер масалардың қай қан тобындағы адамдарды көбірек шағатынын айтты

Дәрігер масалар жиі шабуыл жасайтын қан тобын атады.
Масалардың кейбір адамдарды неге жиі шағатыны туралы ғылымда әлі нақты жауап жоқ. Дегенмен соңғы зерттеулер бұл құбылыстың адамның қан тобы мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты екенін көрсетеді. «Гемотест» зертханасының маманы Александра Филёва зерттеушілердің тұжырымын келтіре отырып, масалар ең алдымен бірінші қан тобы бар адамдарға көбірек тартылады дейді. Екінші топ иелерін олар сирек шағады, ал үшінші және төртінші қан тобы бар адамдар масаларға аса тартымды емес. Сонымен қатар, масалардың адамды таңдауы көмірқышқыл газын қаншалықты көп бөлетініне де байланысты. Мысалы, физикалық жаттығу жасаған адам немесе артық салмағы бар не жүкті адам көбірек көмірқышқыл газын шығарады, бұл масалар үшін сигнал іспетті.
Бұған қоса, ағзадағы ерекше иістер де әсер етуі мүмкін. Бауыр немесе бүйрек жұмысы бұзылған адамдарда аммиак иісі пайда болса, қант диабетімен ауыратындарда ацетон иісі байқалуы мүмкін – бұл иістер масаларды тартуы ықтимал. Тағы бір маңызды фактор – дене қызуы. Температура жоғары болған сайын, масаға қан сору жеңіл болады, сондықтан олар көбіне мойын, құлақ арты, қолтық сияқты дененің жылы тұстарын шағады. Масадан қорғану үшін ашық түсті киім киіп, репеллент қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, дәрігер масалардың кейде өте қауіпті ауруларды – малярия, денге қызбасы, туляремия сияқты жұқпалы індеттерді тасымалдайтынын еске салады.
Соңғы жаңалықтар




