Тез дайындалатын лапша жеген 13 жастағы бала көз жұмды

Египетте 13 жастағы жасөспірім үш қаптама шикі тез дайындалатын лапша жегеннен кейін қаза тапты. Бұл туралы Ynet жазды.
Алдын ала деректерге сәйкес, Хамза есімді жасөспірім кешкі намаздан кейін үйіне оралып, шикі лапшамен тамақтанған. Әкесінің айтуынша, шамамен жарты сағаттан соң ол қатты іш ауыруына, құсу мен тершеңдікке шағымданып, кейін есінен танып қалған.
Жедел түрде ауруханаға жеткізілген балаға дәрігерлер улану диагнозын қойып, оны токсикология орталығына жіберуді тапсырған. Алайда жол үстінде жасөспірім қайтыс болды.
Оқиғаға байланысты полиция Хамза лапшаны сатып алған дүкен иесін қамауға алды. Алайда Alarabiya мәліметінше, жүргізілген сараптама өнімнен күмәнді зат таппаған.
Медицина мамандарының айтуынша, баланың өлімі көп мөлшерде шикі лапша жеудің салдарынан болуы мүмкін. Қатты әрі өңделмеген лапша ас қорыту жолында бітелуге әкеліп, ішек-қарында қауіпті асқынулар тудырған.
Соңғы жаңалықтар





