Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды
Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді өлтірген екі жігіттің жазасын өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың адвокаттары тамыз айында Жоғарғы сотқа екеуін де ақтап алу туралы шағым түсірген.
«Судьялар істі кассациялық сотқа жіберуден бас тартты», - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Осылайша, Жоғарғы сот істі кассациялық сотқа жіберетіндей соттың немесе тергеудің жұмысынан қандай да бір құқық бұзушылықты немесе өзге де негізді таба алмаған.
Естеріңізде болса, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапты. Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.
Фото: esquire.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...