Депутат ажал аузынан адамды алып шықты (ВИДЕО)

Қарағандылық депутат өртеніп жатқан шөп арасынан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қарағанды. 17 қазан. Бүгін Қарағандының Майқұдық ауданындағы гараждар маңында қалың құрғақ шөп өртенді. Оқиға орнында кездейсоқ болып қалған қалалық мәслихат депутаты Равиль Садықов жалынның ішінен адамның дауысын естіп, оны құтқарып қалды.
Бұл оқиғаның куәгері журналист Иван Стрижаков болды. Ол өзінің айтуынша, депутат екеуі 18-шағын аудан тұсынан шыққан түтінді көріп, бірден сол жаққа беттеген. Олар жеткенде гараждар маңындағы шөп лаулап жанып жатқан.
Өрт сөндірушілерді шақырып жатқан сәтте, кенеттен жалынның арасынан көмек сұраған адамның айқайы естілген.
«Равиль Садықов бір секунд та ойланбастан, жанынан өтіп бара жатқан жігітпен бірге отқа оранған адамды құтқаруға ұмтылды. Өз өмірлерін қатерге тікті», – деп жазды журналист Стрижаков.
Депутат пен белсенді азаматтың көмегімен жалын ортасынан шығарылған ер адамды жедел жәрдем алып кетті. Ол күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Равиль Исламұлы Садықов – 2022 жылдың наурызынан бері Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты.
Соңғы жаңалықтар





