Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек

04.03.2026 12:20 Әсел Мұрат
Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек
373
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлік сатып алуының заңдылығын тексеруді талап етпек, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған Дубайда зымыранның құлауына байланысты жуырда болған оқиға түрткі болған.

1 наурыз күні Fairmont The Palm элиталық тұрғын үй кешені орналасқан ауданда зымыран құлап, салдарынан өрт шыққан. Бұл жағдай Қазнетте осы кешендегі нақты кімнің мүлкі қауіпке ұшырауы мүмкін деген қызу талқыға түсті. БАҚ мәліметінше, аталған кешенде Қазақстан азаматтарына тиесілі 97 пәтер бар.

Бұл аудандағы жылжымайтын мүліктің ықтимал иелері ретінде бұрынғы өңір басшылары мен түрлі ведомстволардың экс-жетекшілерінің туыстары аталып отыр.

Мәжіліс кулуарында Ерлан Саиров Бас прокуратураға ресми депутаттық сауал жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі мүліктеріге құқықтық баға беруді сұрайтынын айтты

«Моральдық тұрғыдан бұл дұрыс емес, тіпті еліміздің халқына қатысты әділетсіз. Біз құқықтық тұрғыдан нақты баға алуымыз керек: бұл баспаналар қандай қаражатқа сатып алынған және бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің шетелде осындай активтерге иелік етуге құқығы болды ма», — деді депутат.

Сайыров Дубайда пәтері бар шенеуніктердің шетелден үй алып, тұрып жатуын адамшылыққа жат деп есептейтінін айтты.

«Елді басқарып, қазір басқа елде тұруы – адамшылыққа жат. Бұл ол адамдардың елімізге, халқымызға шынайы болмағанын көрсетеді. Бұл дұрыс емес», – Ерлан Сайыров.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий