Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік тілді менсінбейтіндерге үндеу жасады

Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік тілді менсінбейтіндерге үндеу жасады
16.10.2025 16:55
0
125
Фото: @kanat_sveta_aitbayevtar

Ресейлік телеарнаға сұхбат беріп, «қазақ тілінде сөйлейтіндер көбейіп кетті, бұған шара қолдану керек» деп пікір айтқан Олжас Байділдиновке белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жақында жауап берген болатын, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Көп кешіктірмей әншінің әкесі  Қанат Айтбаев та әлеуметтік желіде үндеу жасады.

«Мемлекеттік тілді мойындамау – мемлекетті мойындамау. Мемлекеттің діңгегі, тұғыры, ұлтты ұйыстыратын ең жоғары құндылық – мемлекеттік тіл», – деп жазды Қанат Құдайбергенұлы.

Қазақстанның халық әртісі Instagram парақшасында Байділдиновтің суретін жариялап, оны арандатушы деп атаған болатын.

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзгенің көңілін табу үшін ұялған адам сөзін емес, тамырын жоғалтады.
Олжас, сені арандатушы ретінде жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Қазақша жазған жоқпын, өйткені сен қазақ тілін білмейсің», - деді Димаш. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий