Димаш Құдайбергеннің командасы жанкүйерлерге шұғыл үндеу жасады

23.12.2025 21:52 Берік Арманов Берік Арманов
Димаш Құдайбергеннің командасы жанкүйерлерге шұғыл үндеу жасады
0
68
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің командасы өнерпаздың жанкүйерлеріне шұғыл үндеу жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің өкілдері алаяқтық жағдайлары көбейгенін ескертті. Белгісіз адамдар өздерін Димаштың командасының мүшесі ретінде таныстырып, жанкүйерлер мен фан-клубтарға хабарласып, ақша аударуды сұрап жүр.

Мәлімдемеде таралып жатқан скриншотта осындай хабарламаның бір үлгісі көрсетілгені айтылған. Онда көрсетілген есімді пайдаланған адам Димашқа да, оның командасына да ешқандай қатысы жоқ. Мұндай хабарламалар фан-мүшелік рәсімдеу, альбом шығару немесе концерт ұйымдастыруға қаржы жинау, сондай-ақ іс-шараларды өткізу қызметтеріне төлем жасау сылтауымен жолдануы мүмкін.

Артист командасы бірнеше маңызды жайтты атап өтті:

  • Димаш пен оның командасына қатысты барлық қаржылық мәселелер тек ресми анонстар, концерттер, мерч сату және басқа да ресми арналар арқылы ғана жүзеге асырылады;

  • Димаш пен оның командасы ешқашан жеке хабарламалар, жеке электронды хаттар, сондай-ақ WhatsApp, WeChat, Telegram және ұқсас платформалар арқылы ақша аударуды сұрамайды;

  • Қазіргі уақытта ресми ақылы фан-мүшелік бағдарламалары жоқ.

Сөз соңында команда өкілдері алаяқтық схемалардың барған сайын күрделеніп, сенімді көріне бастағанын атап өтті. Кей жағдайларда жасанды интеллект көмегімен жасалған аудио және бейнематериалдар да қолданылуда. Жанкүйерлерді сақ болуға және бұл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек адамға таратуға шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий