Димаштың қарындасы қалыңдық кешінен кадрлар жариялады

Димаштың қарындасы қалыңдық кешінен кадрлар жариялады
13.06.2025 19:43
0
364
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кенже әрі жалғыз қарындасы Раушан қалыңдық кешінен суреттермен бөлісті. Әлеуметтік желі қолданушылары оған бақыт тіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Құрбыларымның сыйлығы», – деп жазды Раушан фотосының астына.

Суреттерде Раушан фата тағып, қолына торт ұстап тұр. Ол торттағы «Bride to be» (Болашақ қалыңдық) деген жазуы бар шамды үрлеп сөндірмес бұрын, көзін жұмып, тілек тілеген сәті түсірілген.

Желі қолданушылары жас жұбайларға отбасылық бақыт пен махаббат тіледі.

«Керемет! Бақытты бол, сүйікті әпкесі Димаштың», «Ермахан мен Раушан, бақытты болыңдар», «Раушан, нәзік те сұлу раушан гүлі, саған шексіз бақыт тілейміз», «Раушан, махаббатқа толы көздеріңді көру қандай қуаныш... Бақытты әрі сүйікті бол!», «Үйлену тойына дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл – ерекше толқу сәті. Бар арманың орындалсын» – деп жазды желіде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий