Домбыраны 4 сабақта меңгерген блогер: Разияның видеосы желіні тәнті етті

18.12.2025 15:57 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Домбыраны 4 сабақта меңгерген блогер: Разияның видеосы желіні тәнті етті
0
53
Коллаж: Politico.kz

Танымал блогер Разия Тәуелсіздік күніне орай ұлттық өнерге деген құрметін ерекше форматта көрсетті. Ол домбыра тартып отырған видеосын әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Блогердің айтуынша, ол домбыраны небәрі төрт сабақтың ішінде меңгеріп шыққан. Соған қарамастан, видеодағы орындау мәнері мен ықыласы көрерменге әсер етпей қоймады. Домбыраның күмбірлі үні мен қарапайым, шынайы бейне көпшілікке рухани әсер сыйлады.

Разия өз жазбасында бұл видеоны Тәуелсіздік күніне арнағанын айтып, әзіл аралас:
«Нұрлан Қоянбаев аға репост жасаса, вообще крутой болып кетем» — деп жазған.

Желі қолданушылары блогердің талпынысын жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырып жатыр

«Өте әдемі шыққан», «Төрт сабақта үйреніп алу — үлкен еңбек», «Талап, еңбек, терең ой. Жарайсың, қазақ қызы!», «Осындай контент көбейе берсін», «Разияға мың лайк пен респект» — деп жазды оқырмандар.

Ұлттық аспапты дәріптеген бұл видео желіде кеңінен тарап, домбыраға деген қызығушылықты арттыра түскендей. Көпшілік Разияның бастамасын Тәуелсіздік мерекесіне жасалған шынайы әрі мағыналы тарту деп бағалап отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий