Байқоңырда бес баласына қатыгездік көрсеткен ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Байқоңыр қаласында кәмелетке толмаған бес баласына қатыгездік танытқан 40 жастағы келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Құзырлы органның ресми мәліметінше, жергілікті тұрғынның ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғау заңды деп танылған.
«Күдікті 2026 жылдың басынан бері кәмелетке толмаған бес баласының денсаулығы мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне қамқорлық жасауға, олардың негізгі жалпы білім алуын қамтамасыз етуге міндетті болған. Алайда ол балалардың тәні мен жанына жарақат салмай, дұрыс тәрбиелеудің орнына оларға қатыгездік танытып келгені анықталды», деп мәлімдеді прокуратурадан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
16:03
"Елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес": Р...
17.11.2026
15:49
Министрлік екі студент қайтыс болған ҚазҰУ-ды т...
17.11.2026
13:56
"Аяғынан көтеріп ұстап тұрған": ҚазҰУ-да көз жұ...
17.11.2026
13:51
Президент кеңесшісінің ұлы студенттің өлімінен ...
17.11.2026
13:06
«Көркемдік тәсіл»: Петропавл әкімдігі үш қолды ...
17.11.2026
12:57
"Жас қыз сияқтысыз": 47 жастағы Мадина Сәдуақас...