Әйгілі дәмхананың тағамынан ұстараның сынығы шықты

Әйгілі дәмхананың тағамынан ұстараның сынығы шықты
16.10.2025 11:35
0
66

Алматы тұрғыны "Донер на Абая" тамақтану орнынан сатып алған тағамның ішінен ұстара тауып, баласының өміріне қауіп төнгенін айтып шағымданды. Оқиға 24 қыркүйек күні қаладағы Айнабұлақ-3 ықшам ауданында орналасқан "Донер на Абая" филиалында болған деп хабарлайды POLITICO.KZ

Анасының айтуынша, дөнердің ішінен кеңсе пышағының сынығы шыққан. Ол бұл жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, жауапты органдарды тексеру жүргізуге шақырды.

"Балам донерді жеп отырғанда, ішінен ұстараның сынығы шықты! Кеңсе пышағының ұшы сияқты. Егер ол жұтып қойса немесе аузына түссе не болар еді? Бұл қарапайым салақтық емес, үлкен қауіп. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Осы туралы сол күні-ақ WhatsApp арқылы 2GIS-тегі “Қамқорлық бөліміне” жаздым. Тексеру жүргіземіз деді, тіпті қызметкерлеріңіз кездесуге келді. Бірақ мен бұны жай қалдырмаймын. Себебі мұнда баламның өмірі мен денсаулығы сөз болып отыр!" – деп жазды inkcherry.kz.

Анасының айтуынша, донер орнындағы мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін ең алдымен мекеме иесі жұмысты өзі қадағалап, асүйге кімдердің қабылданатынын бақылауға тиіс. Сонда ғана тағам әзірленетін жерде артық заттардың болуына жол берілмейді деп санайды ол.

"Шынымды айтсам, бізге ұстараның сынығы түскенге дейін олардың тағамынан шаш, темекі қалдығы немесе улану жағдайлары болғанын естімеппін. Демек, бұл жағдайдың болуы заңдылық сияқты. Олардың өмірінде де, менің өмірімде де бір сабақ болуы керек еді. Сондықтан адамдарды осындай “дәмді” дөнерлерден сақтандыру үшін осы жазбаны жазып отырмын", – деп түйіндеді ол.

Пікір қалдырғандардың арасында да осы донердің сапасына наразы адамдар аз емес екен.

"Бұрын жиі алатынмын, бірақ соңғы жаңалықтардан кейін жиіркеніп, жоламаймын. Бірінде пластик, бірінде шаш, енді міне ұстараның сынығы... Ешқандай жауапкершілік жоқ", – деп жазды margaritas1451.

"Донер на Абая" өкілдері бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, тексеру жүргізілетінін айтты.

"Біз өнім сапасы мен қауіпсіздігіне өте жауапкершілікпен қараймыз. Қай филиалда және қай күні тапсырыс берілгенін жеке хабарламада жазуыңызды сұраймыз. Бұл жағдайды мұқият тексеріп, қажетті шара қабылдаймыз", – делінген ресми жауапта.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий