Дүкендегі еттің бағасы тым қымбат па? Енді арнайы нөмірге хабарласуға болады

Дүкендегі еттің бағасы тым қымбат па? Енді арнайы нөмірге хабарласуға болады
23.09.2025 10:41
0
334
Фото: freepik

Қазақстанда сиыр етінің қымбатшылығына қатысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

23 қыркүйек күні Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты арнайы жедел желінің іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар сиыр етінің бағасына қатысты шағымдарын арнайы іске қосылған жедел желі телефон нөміріне хабарласып, айта алады.

Бұл жедел желі бүкіл республика бойынша жұмыс істейді. Оған қарапайым азаматтар да, бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер де хабарласа алады.

Министрліктің хабарлауынша, бұл телефон нөмірлеріне бірнеше мәселе бойынша қоңырау шалуға болады. Мысалы, егер сіз дүкеннен немесе базардан сиыр етін тым қымбат бағаға көрсеңіз, осы нөмірлерге айта аласыз. Сондай-ақ сатушылардың еттің үстіне тым көп ақша қосып жатқанына күмәндансаңыз да хабарласуға болады. Бұдан бөлек, бұл желіге кәсіпкерлер де шағымдана алады. Егер оларға етті жеткізуде қандай да бір қиындықтар туындаса, осы нөмірлер арқылы мәлімдеуіне болады.

Аймақтар бойынша жедел желі нөмірлері:

  • Астана қаласы – 8 (7172) 57-64-02;
  • Алматы қаласы – 8 (727) 392-21-54;
  • Шымкент қаласы – 8 (7252) 53-07-060;
  • Абай облысы – 8 (7222) 35-37-43;
  • Ақмола облысы – 8 (7162) 50-29-89;
  • Ақтөбе облысы – 8 (7132) 54-81-26;
  • Алматы облысы – 8 (7272) 72-50-083;
  • Атырау облысы – 8 (7122) 52-03-91;
  • Батыс Қазақстан облысы – 8 (7112) 50-00-44;
  • Жамбыл облысы – 8 (7262) 54-21-69;
  • Жетісу облысы – 8 (7282) 41-56-10;
  • Қарағанды облысы – 8 (7212) 21-42-08;
  • Қостанай облысы – 8 (7142) 53-46-80;
  • Қызылорда облысы – 8 (7242) 71-15-30;
  • Маңғыстау облысы – 8 (7292) 43-14-34 және 43-01-17;
  • Павлодар облысы – 8 (7182) 55-10-70;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8 (7152) 46-81-33;
  • Түркістан облысы – Әбдісаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501 және Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82;
  • Ұлытау облысы – 8 (7102) 76-30-10;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8 (7232) 26-72-07.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий