Астанадағы этноауылдарға 3 күнде 70 мыңнан аса адам барған
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр.
Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан. 3 күн ішінде оларға 70 мыңнан аса елорданың тұрғыны мен қонағы кірген, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Айта кетсек, 10 гектар аумақта «Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылды. Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Этноауыл мынадай бірнеше орынға бөлінген:
- орталық алаң;
- ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы;
- халық музыкасына арналған шатыр;
- ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы;
- спорттық іс-шаралар;
- ұлттық тағамдар;
- басты сахна;
- аймақтардың этникалық қоныстары;
- қолөнершілер;
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...