Екатерина Бивол Қазақстанның іздеу тақтасына ілінді
931
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға Қазақстан аумағында іздеу жарияланды. Ол бұған дейін түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын бейнежазба жариялап, қылмыстық іс фигуранты атанған еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Екатерина Игоревна Биволдың деректері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталындағы іздеу тақтасында пайда болды.

Іздеуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бастамашы болған. Нақтырақ айтсақ, іздестіру шараларын Астана қаласы Полиция департаментіне қарасты «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасы жүргізуде.
Мәліметтерге сәйкес, іздеу осы жылдың 1 қарашасында жарияланған. Тіркелген өңір ретінде Астана қаласы көрсетілген.
Бұған дейін Қырғызстан да Екатерина Биволға қатысты сырттай қамауға алу туралы қаулы шығарғаны белгілі.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...