«Екі баласы күтіп отыр»: жол апатынан көз жұмған фельдшер туралы тың дерек шықты 

04.12.2025 11:40 Әсел Мұрат
«Екі баласы күтіп отыр»: жол апатынан көз жұмған фельдшер туралы тың дерек шықты 
0
107
Фото: ашық дереккөз. Суретте: марқұм Насиба Жаңабаева

Алматыда күні кеше болған жол апатынан көз 23 жастағы фельдшер туралы тың мәліметтер жария болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады.

Әбіқайдың жазуынша, фельдшердің артында 2 баласы қалған.Марқұмның күйеуі де дәрігер екен.

«Алматыда тағы да жол апаты, тағы да жедел жәрдем көлігін асыққан жан қирата соқты. Кесірінен, жас фельдшер сол жерде тіл тартпай кетті…
Нәсибаның жасы небәрі 23-те еді…2 апта бұрын қайтыс болған астаналық әріптесі Ұлданамен жасты. Екеуінікі бір қызмет, ортақ міндет.
Нәсибаның жолдасы да медик. Өзі басқа жұмысқа ауысуына орай орнына әйелін кіргізді. Қуанышы қойнына сыймаған Нұрқасым Нәсибаның жедел жәрдемге жұмысқа тұрғанын бәріне өзі жеткізген.
Алайда, дәл осы жұмыс орнында жұбайын ажал күтіп тұрғанын қайдан білсін?! 4 ай ғана жұмыс істеді…
Бүгін де мен сияқты ауырған бір науқасқа асықты-ау… мен шақырған жедел жәрдем жетті. Ал, Нәсиба жетпей қалды. Ол науқас не болды екен?
Анамыз түнгі кезекшіліктен келер уақыты болды ғой деп күтіп отырған қос құлыншағын айтсаңызшы! Шиеттей сәбилер анасыз, еркек жарсыз қалды. Нұрқасымның анасы короновируста қайтыс болған, балаларға екеуі бас-көз болып отырған. Енді не болады…қиын жағдай…қаралы күн…
Қош бол, Нәсиба Мұхтарқызы! Марқұмның барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын, Алла панасына алсын!», -  деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий