"Екі бөлмелі пәтердің құнын төледім": Қыдырәлі Болманов "Музарт" тобының құрылған кезін есіне алды

27.03.2025 11:07
0
42
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов 25 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі тәуелсіздің алған жылдары эстраданы қазақтілді ету үшін күш-жігерін жұмсағанын айтты. 

"Роза, "Дос-мұқасан", Нағима, Мақпалдардың, құдайға шүкір, еңбектері ерен. Олар Кеңес одағы кезінде рухымызды құлатпаған дарындар. Енді дамып келе жатқан эстрадамызда, Парвиз, Кирилл Ли, Арт-клуб, Дуэт-л, Бублики секілді әріптестерімді құрметтеймін. Бірақ ана-тілімнің алдында өзімнің жауапты парызым бар. Енді тәуелсіз мемлекеттің эстрада мен шоу-бизнесі қазақтілді болуы үшін, қазақ әндеріне сұраныс тудыру жоспарына кірістім. Бір Аллаға сыйынып, АБК тобын құрдым. Бірден жарқ еткізіп жарып шықпасаң, қиын. Тарихымызда тұңғыш рет қазақша әнге клип түсіруді дарынды режиссер Ақан Сатаевқа тапсырдым. Алла қолдап, “Тамшылар” айлап, жылдап хит шерудердің төрінен түспеді. Оған екі бөлмелі пәтердің бағасын төледім. “Тамшылар” әні “үнсіз сілкініс” жасады”, – деп бастады әңгімесін продюсер. 

Одан кейін аңызға айналған “Музарт” тобының құрылған сәтін де айтып өтті. 

“Бес жылдан соң, қарасаң көз тоятын, тыңдасаң баурап алатын "Музарт" тобы, жарқ ете қалды. Бейне бір мәдени майданда әскер жетпей жатқанда дер кезінде келген мұздай қаруланған атты әскердей көрінген. Мейрамбек, Мақсат, Сәкешпен сол кезде таныстық. Бүгінде шоу-бизнес 100 пайыз қазақ тілінде дамып жатыр.Домбыраны әлемге ұлықтап жүрген "Ұлытаудай" топтарымыз қалыптасты", – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий