"Екінші әйелі қайда?": Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне жалғыз барды

31.08.2026 17:13 Мөлдір ҚАЙНАР
257
Фото: видеодан скриншот

Танымал әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне арнайы барып, құшақ толы гүл сыйлап, тосынсый жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Анасының қуанышы мен тебіренісі көрініс тапқан бейнежазба желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Алайда оқырмандардың басым бөлігі өнер иесінің анасының қасына жалғыз барғанын қызу талқыға салды.

Кейбір желі қолданушылары отбасының бұрынғы күндерін еске алып, бұл қуанышта жары Мөлдір мен балаларының болмағанына қынжылды:

«Мөлдір болғанда қасында бес баласымен әдемі болып барушы еді. Анасы да қартайып қалыпты. Мөлдір барда жанында жайнап жүретін еді», «Сопиып жалғыз жүргені көңілге қаяу түсіреді», «Балалары мен Мөлдір бірге барғанда, әдемі көрініс болар еді», – деп жазды оқырмандар.

Дегенмен көпшілік Тұрсынбектің анасына деген перзенттік махаббаты мен көңілін жоғары бағалап, анасына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

Айта кетейік, әзілкештің жеке өмірі бұған дейін де желі қолданушылары арасында талай мәрте қызу пікірталасқа арқау болған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий