Елдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылды: енді не болады?

12.10.2026 • 15:09 Әсел МҰРАТ
Елдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылды: енді не болады?
168
Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.Президент тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент Қазақстан Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий