Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді
785
Қазақстан атынан өнер көрсететін әлемнің 5-ші ракеткасы Елена Рыбакина тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол бір теннис турнирінен алынған ең үлкен гонорар үшін Гиннесс рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Рыбакина 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде 5,235 миллион АҚШ долларын немесе шамамен 2,7 млрд теңге жеңіп алды. Бұл теннис тарихындағы, ерлер мен әйелдер арасындағы ең ірі жүлде қоры.
Бұған дейінгі рекорд 2025 жылғы АҚШ Ашық чемпионатында 5 миллион доллардан тапқан Арина Соболенко мен Карлос Алькарасқа тиесілі болған.
Елена Рыбакина Эр-Риядтағы байрақты додада бірде-бір рет ұтылмай, финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы тізе бүктіріп, чемпион атанды.
Айта кетейік, осы маңызды жеңістен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Елена Рыбакина «Барыс» III дәрежелі орденімен марапатталған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
14:25
Павлодарда сотталғандар түрмеде отырып плейстей...
09.10.2026
14:18
Байқоңырда бес баласына қатыгездік көрсеткен ан...
09.10.2026
13:48
Санжар Боқаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қ...
09.10.2026
13:33
Пойыз аяғын жұлып әкеткен: Павлодар вокзалында ...
09.10.2026
13:15
Қазақстанда мәслихат депутаттарының саны өзгере...
09.10.2026
12:58
Өскеменде өртенген үйден 30 жастағы ер адамның ...