Елімізде ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге көтерілуі мүмкін
1209
Еліміздегі ең төменгі жалақының мөлшерін 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, үкімет ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру мәселесін қарастырып отыр. Алайда ең төменгі жалақы нақты қашан 150 мың теңге болатыны әлі белгісіз.
Азамат Әмриннің айтуынша, бұл шешім бір ғана факторға емес, бірнеше экономикалық көрсеткішке байланысты қабылданады.
«Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалықының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз - алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу», - дейді Амрин.
Оның айтуынша, барлығы республикалық бюджетке түсетін қаржының көлеміне байланысты. Егер кірістер көп болса, ең төменгі жалақыны көтеруге қаржылық мүмкіндік болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
12:46
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жары...
12.10.2026
12:38
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» де...
12.10.2026
12:09
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам ...
12.10.2026
11:47
Қазақстан мыс кенін көп өндіреді, бірақ өңдеуге...
12.10.2026
11:40
Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі ...
12.10.2026
11:24
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қа...