Елімізде сатылып жатқан Oreo печеньесі қауіпті ме – министрлік мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы ақпараттан кейін жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрліктің мәліметінше, Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның крем салмасы «пластикалық желім» екені және печеньенің «артерияларды бітеп тастауы» мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.
2025 жылы Oreo печеньесінің үлгілері зерттелген.
«Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді. Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған тексерілген ақпаратты басшылыққа алуға шақырады», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар