Елнұр Бейсенбаев Мәжілістен Президент Әкімшілігіне ауысты

09.02.2026 09:10 Арман Ермеков
Елнұр Бейсенбаев Мәжілістен Президент Әкімшілігіне ауысты
385

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың ресми хабарламасына сәйкес, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған Бейсенбаев енді Президент Әкімшілігіндегі жауапты қызметті атқаратын болады.

Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы 1986 жылы Түркістан облысының (бұрынғы Шымкент облысы) Кентау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым тарих пәнінің мұғалімі және жастар ұйымының белсендісі ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасын басқарып, елорда әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Саяси мансабында «Nur Otan» (қазіргі «AMANAT») партиясының жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын басқарды және партияның Атқарушы хатшысы болды. 2021 жылдан бері Парламент Мәжілісінің VII және VIII шақырылым депутаты ретінде заң шығару ісіне араласты.

Соңғы уақытта ол саяси реформалардың бел ортасында жүрді. Атап айтқанда, 2025 жылдың қазан айынан бастап Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының, ал биылғы қаңтардан бастап Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Елнұр Бейсенбаев Президенттің Алғыс хаттарымен және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісімен марапатталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий