«Ем қабылдап жатыр»: Дастан Сәтпаев туралы күтпеген ақпарат тарады
1166
«Қайрат» футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда тізімде Дастан Сәтпаев жоқ.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр.
2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.
4 қаңтар күні таңертең «Қайрат» футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты – оңтайлы физикалық формаға келу мен ресми матчтарға дайындық.
Ал Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:
Қақпашылар:
- Темірлан Анарбеков;
- Шерхан Қалмұрза;
- Данила Буч.
Қорғаушылар:
- Луиш Мата;
- Александр Мартынович;
- Егор Сорокин;
- Еркін Тапалов;
- Александр Мрынский;
- Александр Широбоков;
- Лев Кургин;
- Сұлтан Асқаров;
- Әмірбек Базарбаев.
Жартылай қорғаушылар:
- Дан Глейзер;
- Валерий Громыко;
- Дамир Қасабулат;
- Әділет Садыбеков;
- Яакко Оксанен;
- Юг Станоев;
- Мұхамедәли Әбіш;
- Исмаил Бекболат.
Шабуылшылар:
- Жоржиньо;
- Эдмилсон;
- Рикардиньо;
- Рамазан Бағдат.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...