"Ең жасы - 19-да": соғысқа Ресей атынан қатысып, қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі шықты

18.10.2025 12:00
0
351
Бауржан Уразов\әлеуметтік желі\lukpan_ahmedyarov

Украинаның «Хочу жить» жобасы Ресей жағында соғысып, қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады.

 Ұйымның мәліметінше, бұл тізімде аты-жөні анықталғандар ғана бар, ал нақты қаза тапқандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Жарияланған тізімде кемінде 270 адамның есімі көрсетілген. Ең жас сарбаз — 2005 жылы туған Андрей Богомолов, ол небәрі 19 жаста болған. Ең егдесі — 254-мотоатқыштар полкының 64 жастағы сарбазы Александр Ялфимов. Тізімге жалдамалы әскерлер де, Ресей мен Қазақстан аумағында түрлі тәсілдермен соғысқа тартылған азаматтар да кіреді.

Жоба авторларының айтуынша, қазақстандықтарды жалдау процесі әлі де жалғасуда.
«Адамдарды түрмелерде, еңбек мигранттарының арасынан және “Ресейде жоғары жалақылы жұмыс ұсынамыз” деп жарнамалайтын жалған агенттіктер арқылы тартады. Мұндай хабарландырулар ТМД елдерінің азаматтарына арнайы бағытталған», — делінген зерттеу материалында.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей соңғы уақытта алыс шетелдерден емес, тілі мен мәдениеті ұқсас көрші мемлекеттердің азаматтарын соғысқа тартуға басымдық беріп отыр.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқандар Қылмыстық кодекстің 172-бабы — “Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу” бойынша 5 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру және азаматтықтан айыру жазасына тартылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий