"Енді Айшамын": Ұлболсын есімін өзгерткен қыз желі жұлдызына айналды

28.10.2025 • 19:47 Берік Арманов
1433

Қостанай облысының тумасы азан шақырып қойған «Ұлболсын» деген есімін «Айша» деп өзгертіп, желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның есімін ауыстырғаны туралы видеосы желіге қатты таралып, қазақстандықтардың қолдауына ие болды.

«Мен енді ресми түрде Айша Рахымжанқызы болдым», - деп жазған ол.

Оның видеосы сегіз сағаттың ішінде 1,9 млн қаралым, екі мыңға жуық пікір жинаған.

"Жарайсың, дұрыс істедің!", "Біздің ұрпақ қыздарын олай атамайды деп ойлаймын", "Өте дұрыс, бұл есім әйелді кемсітеді", "Меніңде атым Ұлбосын болған, ал қазір Аяла", - деп жазып жатыр жұрт.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий