Энергетика министрлігі мұнайлы өлкедегі ақаудың себебін анықтауға кірісті

22.01.2026 14:59 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Энергетика министрлігі мұнайлы өлкедегі ақаудың себебін анықтауға кірісті
50
фото: Энергетика министрлігі

«Теңізшевройл» аумағында орын алған төтенше жағдайға байланысты Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Атырауға арнайы барды, деп хабарлайды Politico.kz

Ірі кеніште газ турбиналық қондырғылар істен шығып, салдарынан қара алтын өндіру процесін уақытша тоқтатуға тура келген.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов орынбасарына оқиға орнында жағдайды тікелей бақылауды және оператормен бірлесіп жұмысты үйлестіруді тапсырған.

Белгілі болғандай, технологиялық ақау 18 қаңтар күні тіркелген. Осыған байланысты құзырлы орган арнайы комиссия жасақтады. Қазіргі уақытта мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті, Атырау облысы әкімдігі, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдерінен құралған топ апаттың нақты себебін анықтауға кірісті.

Кеніш операторы жұмыстың тоқтатылуын қауіпсіздік шараларымен түсіндірді. Өндірісті шектеу шешімі қызметкерлердің өмірін сақтау және қымбат жабдықтарды қорғау хаттамаларына сәйкес қабылданған.

Қазір комиссия мүшелері техникалық талдау жүргізіп жатыр. Ресми қорытынды мен нақты шешімдер тексеру жұмыстары аяқталған соң ғана жарияланбақ. Жағдай министрліктің бақылауында тұр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий