Ер адам өз анасын зорлады деген күдікке ілінді

Ер адам өз анасын зорлады деген күдікке ілінді
Depositphotos

Грекияда ер адам 91 жастағы анасын қорлады деген күдікке ілінді

Бұл туралы Ant1live басылымы хабарлайды.

Оқиға Трикала қаласына жақын ауылда болған. 91 жастағы әйелдің қызы анасының үйіне келген кезде, қария оған өзімен болған жағдайды айтып берген. Осыдан кейін қызы полицияға арыз түсірді. Нәтижесінде 67 жастағы ер адам, яғни жәбірленушінің ұлы, қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сот-медициналық сарапшы қарияны тексеру барысында зорлық белгілерін анықтамағаны атап өтілді.

Сонымен қатар, ұсталған азамат өз кінәсін мойындаған. Белгілі болғандай, күдіктінің психикалық ауруы бар, бірақ оның нақты түрі жарияланбаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу