"Ер адам түзу жүруге міндетті емес": Тамара Асардың әйелдерге айтқаны талқыға түсті

Белгілі әнші Тамара Асардың бағдарламасында айтқан пікірі қоғамда кеңінен талқыланып, әлеуметтік желіде үлкен пікірталас тудырды. Ол отбасындағы ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас жайлы ойын білдіріп, әйелдің төзімділігі мен мейірімінің маңызын ерекше атап өтті.
Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема – әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды, – деп мәлімдеді Тамара Асар.
Әншінің бұл сөзі көпшіліктің назарын аударып, қоғамда түрлі көзқарастар туғызды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі Тамара Асардың сөзін өмірлік тәжірибеге негізделген ақиқат деп қолдаса, енді бірі әйелдің өзін-өзі құрметтеуін алдыңғы орынға шығарып, әділетсіздікке төзудің дұрыс еместігін алға тартты. Қолдаушылар әйел адамның шаңырақтың ұйытқысы ретіндегі рөлін, төзімділік пен құрметтің отбасы бірлігін сақтаудағы маңызын айтса, қарсы пікір білдірушілер әйел құқығын қорғау мен ер азаматтың жауапкершілігін алға тартты.
Соңғы жаңалықтар





