Ерболат Жанәбілов пен әйеліне сот үкімі шықты
Астанадағы сотта судья прокурордың жаңа жаза тағайындау туралы сұрауын қанағаттандырып, танымал блогер Ерболат Жанәбілов пен оның әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот шешіміне сәйкес:
- Ерболат Жанәбілов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және оған пробациялық бақылау белгіленді.
- Ал оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға жазаны өтеу уақытын 2 жылға кейінге қалдыру шартымен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор ерлі-зайыптыларды 4 жылға соттауды сұраған болатын.
Еске сала кетейік, Жаңабыловтар отбасы 2025 жылдың 18-21 тамыз аралығында желіде автокөлік ойнататыны туралы жариялаған. Алайда уәде етілген тікелей эфирдің орнына оқырмандарға 30 мың теңге тұратын ақылы курстың сілтемесі жіберіліп, ұтысқа тек осы сабақты сатып алған адамдар ғана қатыса алатыны белгілі болған. Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастырды деген айып тағылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...