Жанәбіловтер ісінде күтпеген оқиға болды: прокурор мәмілеге келісті

27.04.2026 16:21 Әсел Мұрат
Жанәбіловтер ісінде күтпеген оқиға болды: прокурор мәмілеге келісті
232
Фото: әлеуметтік желіден
ЖАЛҒАСЫ

Прокурор Олжас Хайруллаев заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша айыпталған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты процестік келісім жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана сотында прокурор айыпталушылармен процессуалдық келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Осыған байланысты ол соттан жаза мерзімдерін қайта қарауды сұрады.

Айыптаушы тарап Жанәбіловке мүлкін тәркілеумен бірге 2 жыл шартты түрде жаза, ал Эльмира Төлегеноваға мүлкін тәркілеумен бірге 2 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жаза өтеу 2 жылға шегерілуі ұсынылды.

Сондай-ақ, Жанәбіловтер өз курстарын сату барысында жиналған қаражатты толық өтегені хабарланды. Сот шешімі бүгін сағат 16:30-да жарияланады.

Айта кетейік, мәміле бастамасын бұған дейін Эльмира Төлегенова көтерген. Соңғы сөзінде ол сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасасуды сұрап, күтпеген мәлімдеме жасады.

«Өз құқығымды пайдалана отырып, сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш білдіремін. Келісімнің барлық шарттары бізге толық түсіндірілді», — деді ол.

Процессуалдық келісім — қарапайым тілмен айтқанда, әділдік органдарымен жасалатын мәміле. Сотталушы өз кінәсін мойындап, айыптаумен келіседі, ал прокурор өз кезегінде жеңілдетілген жаза ұсынады. Мұндай келісім соттан неғұрлым жұмсақ жаза тағайындауға мүмкіндік береді — мысалы, нақты бас бостандығынан айыру жазасының орнына бас бостандығын шектеу немесе айыппұл қолданылуы мүмкін.

Танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)») бойынша айып тағылған.

Прокурор сұраған жаза

Сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыны да барлық айыптар бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар Эльмира Төлегеноваға кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімді орындауды бір жылға кейінге қалдыру ұсынылған.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін жариялаған болатын. Онда Жанәбіловтер көрсеткен сыйлықтар мен жүлделер қатысушылардың қаражаты есебінен алынғаны, ал жарнамада жүлде қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілгені айтылған. Тергеу мәліметтері бойынша, блогерлердің жобасына байланысты шоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

22 сәуірде Астана сотында бұл іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Жарыссөздер барысында прокурор блогерлерге нақты бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Еске салайық, 14 сәуірде сотта Эльмира Төлегенова кінәсін ішінара мойындаған. Бұған дейін Ерболат Жанәбілов та сотта жауап беріп, эмоцияға беріліп, кінәсін ішінара мойындаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий