Еркебұлан Тоқтар Узоковтың орнына кіммен жұдырықтасатынын айтты

27.03.2026 22:16 Қарақат АСЫЛОВА
Еркебұлан Тоқтар Узоковтың орнына кіммен жұдырықтасатынын айтты
215
Тоқтардың күтілген жекпе-жегі Узоков сотталған соң кейінге қалдырылды

Қазақстандық ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар Өзбекстандық файтер Шахзод Узоковтың сотталғаннан кейін өз жоспарларын өзгертті, деп хабарлайды Politico.kz.

Күтілген жекпе-жек енді белгісіз мерзімге шегерілді. Тоқтардың айтуынша, “Голд” лақап атымен танымал Шахзод Узоков 3,5 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, олардың арасындағы кездесу кейінге қалдырылды. Алайда Еркебұлан енді Узоковтың туған бауырымен октагонға шығуға дайын екенін айтты.

“Достар, “Голд” 3,5 жылға қамалды. Енді тек сол мерзім өткен соң ғана шығатын болады. Оның бауыры бар екен, ең болмаса сонымен төбелесермін. Мен 70 келіге дейінгі салмаққа түспеймін, үлкен жігіттермен жұдырықтасқым келеді”, — деді Тоқтар.

Айта кетейік, Тоқтар мен Узоков арасындағы текетірес әлеуметтік желіде 2025 жылы басталған. Сол желтоқсанда қазақстандық спортшы Ташкентте өткізген жекпе-жегінде Узоков оған қарсылас болуға ұсыныс жасаған еді. Кейін екі спортшы жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғанымен, соңғы сот үкімі бұл жоспарды түбегейлі өзгерткен.

Өзбекстандық БАҚ мәліметі бойынша, 2026 жылғы 19 наурызда Шахзод Узоков 3 жыл 13 күнге бас бостандығынан айырылған. Осы себепті көптен күткен жекпе-жек әзірге жүзеге аспайтын болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий