"Ешкім емес": Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанға астарлап жауап берді
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман сұхбат барысында өзін «үйде отырып қалған адам емес», кәсіби әртіс екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, бала кезінен сахнада жүріп, мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан жандардың еңбегі жиі еленбей қалады.
«Мен 10–20 жыл үйде отырып шыққан әйел емеспін. Бала кезден сахнадамын. Біздің қоғамда “танымал” және “ешкім емес” деген түсінік бар. Ал сол екеуінің ортасында адал еңбек етіп жүрген адамдар қайда қалады?Мәдениет үйлерінде, оқу орындарында, аудандарда қызмет етіп жүрген жандар танымал емес деп есептелсе, олар ешкім емес пе? Тек клип түсіріп, хит ән шығарғандар ғана танымал да, қалғанының еңбегі жоқ сияқты көрінеді. Бұл – дұрыс емес. Ауыл-аймақтарда елге сыйлы, бірақ кең аудиторияға танылмаған қаншама талант бар. Мен де атақ қуып жүрген жоқпын, өз дипломыммен, өз еңбегіммен жұмыс істеп жүрген адаммын», – деді Бақыт Тұрман.
Алайда бұл ой көпшілікке бірдей ұнай қойған жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары «біреуді төмендету арқылы өзіңді биік көрсетпе», «өзін Мөлдірдің қасында ақылды етіп көрсетуге тырысқандай», «қандай ақылды әйел өзі?», «үйде отырған әйелдердің бәріне тиіп отыр», «жүре берші енді сол сахнада» деген сынды пікірлер қалдырды.
Кейбір желі қолданушылары Бақыт Тұрманның ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтса, енді бір бөлігі оның сөзінен менсінбеушілік байқағанын жасырмады.
Соңғы жаңалықтар