"Ешкімге айтпадым": Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті
1359
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде бұған дейін ешкімге айтпаған жаңалығы туралы айтып, елді қызықтырып қойды. Шығармашылығын әзірге ысырып қойған әнші алдағы уақытта оқырмандарын мүлдем басқа дүниемен қуантатынын жеткізді.
Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі алдағы уақытта оқырмандарына өзінің энергиясына толы затты ұсынатынын жеткізді. Алайда әнші оның нақты не екенін айтпай, құпия сақтап қалды.
"Қыздар, бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкіммен бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым. Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақыт ішінде қазақ қыз-келіншектердің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді. Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
22:17
Қанат Бозымбаев Каспийдегі қайғылы оқиға қатыст...
24.09.2026
22:10
Тоқаев Алмас Исаковты Президент Іс басқарушысын...
24.09.2026
21:52
Қанат Бозымбаев жоғалған екі сарбазды тәулік бо...
24.09.2026
21:15
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 ...
24.09.2026
20:26
Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың ту...
24.09.2026
19:59
Каспийдегі қайғылы оқиға: Үкіметтік комиссия Ма...