«Ешкіммен дауласқым келмейді»: Жанар Байсеміз даулы сұхбаттан кейін мәлімдеме жасады
Танымал журналист Жанар Байсеміз имам Ахмед Құрбанәлиге қатысты дау туындаған соң әлеуметтік желідегі парақшасында өз ой-пікірін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Жанар жазбасында, соңғы бірнеше күн бойы өзін жайсыз сезінгенін, түсінде қиын жағдайлар көргенін, денсаулығы сыр бергенін айтты.
«Үш күн бойы түсімде бір адаммен ұрсысып шықтым. Дауысым шықпай, булығып қиналдым. Маған қатысты бір қитұрқы іс жасағанын жеткізе алмай қиналдым. Төртінші күні жұбайымның жоқ көңілдесі кіріп, жап-жас қыз екен деген ой келді. Тамағым ауырды, екі күндік съемкамды кейінге қалдыруға мәжбүр болдым», – деп жазды Жанар Байсеміз.
Журналист өз жазбасында сондай-ақ, қоғамда резонанс тудырған сұхбатына байланысты сырттан сын айтып, жамандап жатқан адамдарға тілектес болатынын жеткізді.
«Ешкіммен жауласқым да, дәлелдегім де, ақталғым да келмейді. Бәрі өткінші», – деді ол.
Жанар Байсеміз адамдарға өмірде бір-біріне жамандық тілемей, тату-тәтті өмір сүрген дұрыс екенін еске салды.
Айта кетейік, Жанар Байсеміз жақында Ахмед Құрбанәли имамнан сұхбат алған. Сол сұхбатта имам өз әйелін шәкіртіне беріп жібергенін айтқан. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде және БАҚ-та резонанс тудырып, Алматы полициясы имамға әкімшілік айыппұл салған болатын.
Соңғы жаңалықтар