«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаев туралы айтып, әділеттілік мәселесін көтерді
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.
«Біз бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық. Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік». – деді мемлекет басшысы.
Жиында Тоқаев Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Айтуынша, тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек.
«Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», - деді президент.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
14:23
Үкімет жағдайды зерттеп жатыр: Тоқаев әлеуметті...
23.10.2026
14:07
«Экономикаға қан жүгірді»: Тоқаев кейінгі жылда...
23.10.2026
13:55
Әлемде мұндай өзгеріс жоқ: Тоқаев мәлімдеме жасады
23.10.2026
13:47
«Бейқам отыруға болмайды»: Тоқаев шенеуніктерге...
23.10.2026
13:21
«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаев т...
23.10.2026
13:08
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өг...