Франция президенті Макрон Украинаға қосымша 2 миллиард еуро әскери көмек береді

Франция президенті Макрон Украинаға қосымша 2 миллиард еуро әскери көмек береді
27.03.2025 09:45
0
426
Фото: x.com/EmmanuelMacron
Франция Украинаға тағы 2 миллиард еуро әскери көмек береді

Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинаға қосымша 2 миллиард еуро көлемінде әскери көмек беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты. Макрон әскери қолдауды арттырудың маңыздылығын атап өтіп, Франция Украинаның қарсылығын жалғастыруы үшін қажетті барлық көмек көрсететінін мәлімдеді.

«Біз Украинаға қолдауды жалғастыруға тиіспіз. Бұл қарсылықты жалғастыру үшін өте маңызды. Мен бүгін Украинаға қосымша 2 миллиард еуро бөлетінімізді мәлімдедім. Оның аясында Украинаға Milan танкке қарсы зымырандары, әуе қорғанысына арналған MICA және Mistral зымырандары жеткізіледі. Бұған дейін берілген Mirage ұшақтары осы зымырандармен жабдықталған. Сонымен қатар, Украина VAB бронемашиналарын, AMX-10 RC танктерін, қашықтан басқарылатын қару-жарақ, дрондар және көп көлемдегі оқ-дәрілер алады. Біз сондай-ақ спутниктік байланыс және барлау саласындағы әріптестігімізді нығайттық», – деді Франция президенті.

 

Эммануэль Макрон сонымен қатар, Францияның Украинаға беретін әскери техниканы өз қорындағы қару-жарақ есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

Франция басшысы Киевпен бірлесіп қару-жарақ өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағдарлама француз және украин кәсіпорындарының серіктестігі негізінде жүзеге асырылады.

Бұған дейін Франция Украинаға қолдау көрсету үшін қару-жарақпен және әскери техникамен қатар, барлау және бақылау саласында да ынтымақтастық орнатқан болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий