Германияда Мақсат Дүйсенов ұсталды
1462
Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда қолға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов ұсталды.
Бұл деректі Қазақстанның Ішкі істер министрлігі растап отыр. Ведомствоның мәліметінше, Дүйсенов қазақстандық тараптың сұрауы бойынша Интерпол желісі арқылы қолға түскен. ІІМ жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстар жалғасатынын хабарлады.
Кейбір деректер бойынша, ол ұсталу кезінде жалғыз болмаған.
Еске сала кетсек, Дүйсеновке бұған дейін іздеу жарияланған болатын. Іздестіру ісін тамыз айының соңында Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасы тіркеген болатын.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...