Головкин Тоқаевтың құттықтауына жауап берді

24.11.2025 10:31 Әсел Мұрат
Головкин Тоқаевтың құттықтауына жауап берді
0
83
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин

World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Еске сала кетейік, кеше Италияның Рим қаласында өткен World Boxing Конгресінде Геннадий Головкин ұйымның президенті болып сайланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі аккуантында боксшыны құттықтап, бұл Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға екенін айтты.

Тоқаев Головкинді құттықтады

Бұған жауап ретінде боксшы қазақ тілінде пікір қалдіріп, президентке алғысын айтты.

«Құрметті президент, құттықтауыңыз үшін үлкен рахмет! Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңізді әрдайым сезінемін», - деп жазды Геннадий Головкин.

Айта кетелік, бұған дейін Головкин өзіне қолдау білдірген бокс сүйер қауымға, отандастарына, барша қазақ еліне алғысын айтқан еді.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий