«Халық қате түсінді»: Индира Елемес экс-жолдасымен арадағы 20 жас айырмашылығын ашық айтты

15.12.2025 09:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Халық қате түсінді»: Индира Елемес экс-жолдасымен арадағы 20 жас айырмашылығын ашық айтты
0
64
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында бұрынғы некесіне қатысты ел ішінде айтылып жүрген әңгімелерге алғаш рет ашық жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әншінің айтуынша, болашақ жарынымен ол мерекелік кештердің бірінде танысқан. Көпшіліктің «екінші әйел болды», «біреудің отбасын бұзды» деген пікірлері шындыққа жанаспайды.

«Қазір жұрт түрлі әңгіме айтып жүр. Біреудің шаңырағын шайқады, екінші әйел болды деп жазады. Бұл — жалған. Біз танысқан кезде ол заңды түрде бойдақ еді. Ешқандай отбасы болған жоқ», — дейді Индира.

Сондай-ақ әнші араларында жас айырмашылығы барын да жасырмады.

«Арамызда шамамен 19–20 жас айырмашылық болды. Ол кезде жолдасым өте сымбатты, тартымды, өзіне сенімді азамат еді», — деп еске алады өнер иесі.

Индира Елемес бұл сұхбат арқылы жеке өміріне қатысты алып-қашпа сөздерге нүкте қойғысы келетінін жеткізді. Әншінің айтуынша, қоғамдағы кей пікірлер шындыққа негізделмей, адамға орынсыз ауыр сөздер айтуға ұласып кетеді.

Сұхбат желіде қызу талқыланып, бір бөлігі әншіні қолдаса, енді бірі жас айырмашылығына қатысты өз пікірін білдіріп жатыр. Не десек те, Индира Елемес алғаш рет ашық сөйлеп, көпшілікке өз шындығын жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий