Халыққа көлікті жеңілдікпен алу мүмкіндігі ұсынылады: Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Халыққа көлікті жеңілдікпен алу мүмкіндігі ұсынылады: Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
21.10.2025 11:10
0
112

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. 

Тоқаев енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылатынын айтты.
Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы  тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты. 

«Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын», – деді президент.

KIA Qazaqstan зауытын салу туралы шешім 2023 жылы қабылданды.

Зауыт жылына 70 мың көлік өндіре алады. Инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге. Кәсіпорында 1500 жұмыс орны ашылған. Ал оның өнімі Қазақстанға, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің нарықтарына шығарылады.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий